Текст
Халықтың сандық сауаттылық деңгейін арттыру шеңберінде оқыту.
"Заозерный негізгі мектебі" ММ 27-29 тамыз аралығында Сандық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Заозерный а.халқының 45 адамы дайындықтан өтті.
Оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген "Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының 88 тармағы шеңберінде өткізілді.
Оқыту нысаны сандық сауаттылықтың базалық дағдылары бойынша 4 оқу бағдарламасы болып табылады:
Базалық сандық дағдылар;
Ашық үкімет;
Электрондық мемлекеттік қызметтер;
Электрондық сауда.