"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗАОЗЕРНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ЗАОЗЕРНЫЙ  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық есеп

24.04.2017

  Қазақ тілі мұғалімінің басты міндеті оқу

үстінде әрбір баланың пәнге деген ынтасын арттыру. Сабақтың барысында халықтың

мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді қолдана отырып, олардың мәнін түсінуге

баулу, тілін дамыту, сөйлеуге үйрету арқылы оқушылардың бойында адамгершілік,

ізеттілік, отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру. Менің ең бірінші мәселем

«Халқын сүйген – салтын да сүйеді»- демекші, мектеп жасындағы балаларға

қазақтың салт-дәстүрлерін таныстырып, үйрету. Салт-дәстүр дегеніміз-халықтардың

кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қатынас, ұрпақтан-ұрпаққа

ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Жеке адам жаңа салтты

ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл

халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгізіп отырады.

Салт-дәстүрлердің бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі келекшек ұрпаққа

айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Салт-дәстүрге байланысты дәстүрлі және

дәстүрлі емес сабақтар өткіземін. Балалардың өз ойларын байланыстыруға, жүйелі

жеткізуге, мәнерлі өз тілімен әңгімелей білуге, төзімділікке бағыттаймын. Әрі

қарай балаларды дамытуға, қызығушылықтарын арттыру үшін мүмкіндік туғызуға

тырысамын. Сонымен қатар балалардың білімдерін нығайту үшін  мектебімізде  «Мың бір мақал» байқауын өткіземін. Мерекелік

ертеңгіліктерге, сахналық көріністерге жиі қатысамын. Өзімнің ойымды Д.И.

Менделеевтің асыл сөзімен аяқтағым келеді «Мұғалімнің бүкіл

мақтанышы-шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде».  

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст