Мелекеттік тілді үйрету
Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту, ең басты орын алады. Қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан мәдени, рухани ұлттық қазынасын балалардың бойында оқу үрдісі арқылы қалыптастыру жалпы білім беретін балабақшалардың әр пәнінің басты міндеті болып табылады. Ол баланың тілге деген құрметі мен қарым-қатнастық мәдениетін қалыптастырады. Танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады. Сондықтан қазақ тілін оқытуда халықтық тәрбие берудің маңызы мен ықпалы зор екенін тәжірибемде анық байқадым. Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп келеді. Балабақшалардың оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылады. Жаңа ғасырдың жаңа мақсаттарының тағы бірі қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамды жасау. Сондықтан білім беру саласында қызмет
ететін әр қызметкер, әсіресе мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс істей білуі керек.